$ 494.87  520.65  4.91

Жасөспірім жуынып жатып көз жұмды

Күйеуім қатты дауыстан ваннаның есігін ашып, кірген кезде...
фото: pixabay.com
фото: pixabay.com

Ресейлік арт-блогер Анастасия Сосновскаяның ұлы жуынатын бөлмеде тоқ соғып, көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz

Блогер өзінің Instagram парақшасында отбасында қайғылы жағдай орын алғанын айтты. 

Сосновскаяның ұлы суға түсіп жатқан кезде, оның үстіне зарядта тұрған ұялы телефон түсіп кеткен. 

"Бастапқыда баламның неден қайтыс болғанын түсінген жоқпыз. Бірақ артынша тоқ соққаны белгілі болды. Суда жатқанда зарядта тұрған телефон ішіне түсіп кеткен. Ол телефонды қолымен ұстап, жерге лақтырып үлгерген. Алайда тым кеш еді. Осы аралықта тоқ соғып үлгерген. Күйеуім қатты дауыстан ваннаның есігін ашып, кірген кезде, баламыз көз жұмған", - дейді ол. 

Осылайша блогердің 12 жастағы ұлы тоқ соғып қайтыс болды.

Блогер өзінің хабарламасында ата-аналарды балаларына жуынатын бөлмеде телефон пайдалануға тыйым салуға шақырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары