26 қаңтарда Алматы облысы, Еңбекшіқазақ аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне ауруханаға «мұрын сүйегінің сынуы» диагнозы қойылған жасөспірім жеткізілді.
Бұл туралы Baq.kz аймақтың ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 107-бабының 2-бөлігі «Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Еңбекшіқазақ АІІБ-нің полиция қызметкерлері қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен жәбірленушінің 34 жастағы бапкерін анықтады.
"Ол бокстан жаттықтырушы болып жұмыс істейтін спорт залын тазалау барысында оған оқушыларының сыныптасы келгенін түсіндірді. Онымен әңгімелесу барысында жас жігіт дөрекі сөйлесе бастаған. Содан кейін жаттықтырушы шыдай алмай, ұрып жіберген. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмеген", - деді Еңбекшіқазақ аудандық ПБ бастығы Талғат Сейілханов.