Ұлыбританияның тұрғыны жүктіліктің бесінші айында түсік тастап, күтпеген жерден қайтыс болды, деп хабарлайды Stan.kz "Хроника Live" басылымына сілтеме жасап.
Эшингтонда тұратын 44 жастағы Лиан Троутонның асқазаны ауырған. Көп ұзамай оның жағдайы нашарлап, 20 желтоқсанда күйеуі оны ауруханаға алып келеді.
Келесі күні жұбайына ауруханадан қоңырау келіп, оның әйелі жүктіліктің бесінші айында екенін, оның түсік тастағанын және сепсиспен жансақтау бөлімінде жатқанын айтты.
Сепсис жүрек қақпақшаларының біріне әсер ете бастағанда Лианнаның жағдайы нашарлаған. Ол басқа ауруханаға ауыстырылып, өмірін сақтап қалу үшін жүрекке ашық ота мен трахеотомия жасалды.
Бір аптадан кейін дәрігерлер келіншектің өмірін құтқарып қала алмағандарын айтты.