$ 448.89  477.93  4.76

БҚО-да ірі жол апаты болды: зардап шеккендер бар

Екеуі дәрігерге қаралудан бас тартты.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Батыс Қазақстан облысында екі автокөлік соқтығысып, 9 адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.

«1 ақпан күні Орал-Атырау жолында «Лада Ларгус» пен «Datsun» автокөліктері түйісті. «Лада Ларгус» автокөлігі қолайсыз ауа райына байланысты жолдың қарсы бетіне шығып кеткен. Содан «Datsun» автокөлігімен түйіскен. Автокөліктерде барлығы 11 адам болған. Екеуі дәрігерге қаралудан бас тартты. Қалған 9-ы түрлі жарақаттармен аудандық ауруханаға жеткізілді. Олардың ішінде 1 жасқа толмаған бала бар», - деп жазылған хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары