$ 494.87  520.65  4.91

Полицейлер қорап ішінен адамның басын тауып алды

Пәтерден тағы бір үйсіз адам табылды, ол да пәтер иесіне қонаққа келген.


Франция полициясы ер адамның басы салынған қорапты тапты, деп хабарлайды Stan.kz

France 3 Regions-тың хабарлауынша, Франциядағы Тулон қаласының полициясы пәтер иесін ұстады. Пәтер терезесінен ер адамның басы кесілген картон қорап лақтырылды.

Қораптың қала орталығынан табылғаны атап өтілген. Қазір қаланың бұл бөлігін полиция қоршаған.

Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, адам басы үй-күйсіз жүрген адамға тиесілі. Оны күдікті бір күн бұрын пәтеріне шақырған. Пәтерден тағы бір үйсіз адам табылды, ол да пәтер иесіне қонаққа келген.

Media Citoyens хабарлауынша, оқиғадан кейін пәтердің иесі де, оның екінші қонағы да ұсталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары