$ 447.4  477.55  4.76

Алматыда көлік жөндейтін орталықта 20-ға жуық көлік жанып кетті (ВИДЕО)

Зардап шеккен ешкім жоқ.
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Алматыда көлік жөндейтін орталық өртеніп, 20-ға жуық көлік жанып кетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 2 ақпан күні кешкі 21:52 шамасында Бостандық ауданы Сәтпаев көшесі, 139 мекенжайында орналасқан көлік жөндейтін орында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенде тілсіз жаудың жан-жағындағы өзге де нысандарға жайылу қаупі бар екенін анықтады.

Соңғы мәліметке сенсек, 20 автокөлік жанып кеткен. 4 автомобильге ыстық жалынның әсерінен зақым келген. Тағы 15 машина эвакуацияланған. Жалын шарпыған аумақ - 600 шаршы метр. Ал ғимараттың жалпы аумағы - 1300 шаршы метр.

Түнгі 23:09 кезінде өрт ауыздықталып, 23:47 кезінде толық сөндірілді.

От көлік жөндейтін нысанның жанында орналасқан жанармай құю бекетіне жайылмады.

Зардап шеккен ешкім жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары