$ 494.87  520.65  4.91

Жалған фирмалар арқылы қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырғандар сотталды

Тергеу барысында арнайы құрылған ЖШС-дің банктік шоттарындағы 7,3 млн.теңге сомасындағы қаражатқа тыйым салынды.
фото: kazgazeta.kz
фото: kazgazeta.kz

Ақтөбе облысында екі жыл бойы нақты жұмыс жасамай және тауар жеткізбестен жалған шот-фактуралар жазып беру бойынша заңсыз қызметпен айналысқан бір топ тұлғаның қызметіне шек қойылды. Бұл туралы  Skifnews.kz ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлерінің дерегіне сілтеме жасап хабарлайды.

2015 жылы екі ақтөбелік бірнеше кәсіпорынды құрып, заңды тұлғаны тіркеуді процедураларынан өтіп, екінші деңгейлі банктерде банктік есепшоттар ашқаннан кейін өз атына тіркеген. Содан кейін олар өздерінің  жалған фирмалар арқылы қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыратын контрагенттерді іздеумен айналысқан.

Мемлекетке келтірілген залал мөлшері 492,6 млн теңгені құрайды және қазіргі уақытта өтелді. Тергеу барысында арнайы құрылған ЖШС-дің банктік шоттарындағы 7,3 млн.теңге сомасындағы қаражатқа тыйым салынды.

Ақтөбе қаласының №2 соты қылмыс жасағандарды шартты түрде 3 жыл және алты айға соттады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары