$ 446.49  475.38  4.79

Қатаң режимдегі түрмеде жазасын өтеуші төрт азамат бизнеспен айналысып отыр

Барлықтары заңды түрде ақылы жұмыста.
фото: видеодан скриншот
фото: видеодан скриншот

Семейдегі бұрынғы құқық қорғау органдарының қызметкерлері жазасын өтеп жатқан қатаң режимдегі абақтыда бизнес қызып тұр. Абақтыда төрт жігіт бөдене өсіріп, күнінен 100-120 жұмыртқа жинап жүр. Олар жеке кәсіпкермен келісім-шартқа отырған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, 31 арнасының "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.

Олар жалақыны жинаған жұмыртқаларының санына қарай алады екен. 

Түрмедегі азаматтар өткен жылы желтоқсан айында кәсіпкермен бірлесе келісімге келіпті. Қазір бөдене өсіреді. Күнделікті жұмыртқасын жинайды. Сотталғандар "мұнымыз бір жағынан ермек, екінші жағынан еңбек" деп отыр. 

 Жұмыртқаны кәсіпкер қалаға сатылымға шығарады.Семейде жиырма данасы жеті жүз теңгенің маңайында. Бөдене бағбандарының жалақылары жиналған жұмыртқаға байланысты. Ал мекемедегі үш жүз отыз жазасын өтеушінің жетпіс проценті жұмыспен қамтылған.

"Мекеме бойынша 190 сотталған еңбекпен қамтылуда. Барлықтары заңды түрде ақылы жұмыста. Олардың алынатын жалақыларынан әр сотталғандардың өзінің үкімі бойынша талап - арыздары бар ғой. Сол талап арыздарын өтейді және өздерінің отбасыларына көмектесіп отырады", - деді ОВ 156/14 мекемесі тәрбие жұмысы бөлімінің басшысы Руслан Қамаржанов. 

Азаматтар көктемде қосымша қаз, күрке тауық басын да көбейтіп, көбірек жұмыртқа алуды жоспарлауда. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары