$ 494.87  520.65  4.91

600 мың теңге: қызбен кездесуге барған ақтөбелік жігіт сан соғып қалды

Ер адам жуынуға кеткен кезде бойжеткенге телефонын берген.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Қызбен кездескен ақтөбелік қомақты қаржыдан айырылды.

Жігіт қызбен танысып, үйіне барған. Ішімдік ішіп, келесі күні түсте бір-ақ оянған, деп жазады "Диапазон" басылымы.

Ер адам жуынуға кеткен кезде бойжеткенге телефонын берген. Ол жігіттің телефонындағы мобильдік қосымша арқылы тамаққа тапсырыс жасады.

Бойжеткен тамақ таңдап қана қоймай, жігіттің есепшотынан өзінің танысына 600 мың теңге аударды. Ақша ұрланғанын ер адам кейін білді. 

Полиция айласын асырған бойжеткенді ұстады. Ол ақшаны танысына жіберіп, кейін өзі шешіп алғанын айтты.

Ал сотта сол күні үйіне екі танысы келіп, жігіттің телефонын ашып, ақшаны алып қойғанын жеткізді. Өзін қорқытты деп ақталмақ болды. Судья күдікті сотта емес, тергеу барысында шындықты айтты деген шешімге келді.

Ол сот үкімі бойынша екі жылын қоныс колониясында өткізеді. Сондай-ақ, жігітке 600 мың теңгесін қайтаруы керек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары