$ 494.87  520.65  4.91

Шенеунік жиында судың орнына санитайзер ішіп қойды (ВИДЕО)

Бұған дейін антисептикті бетіне дейін сеуіп алған қырғыз депутаты желіде жұлдыз болған еді.

 Үндістанда маңызды отырыстардың біріне келген шенеунік абайсызда судың орнына санитайзер ішіп қойды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ

Коронавирус өршіп тұрған бүгінгі таңда жиындарға санитайзерлер қою әдеттегі жағдайға айналған. Тіпті тазалық құралдарынсыз түрлі жиындарды елестету мүмкін еместей. 

Мумбайда өткен сондай жиындардың бірінде үстел үстіне санитайзерлер қойылады. Алайда, шенеуніктердің бірі Рамеш Павар дезинфекциялау құралын ауыз сумен шатастырып алып, оны ішіп қояды. Ол санитайзермен шөлін қандырамын деп мүлде ойламаған болуы керек.

Бұл жайтты байқап қалған жиынның өзге қатысушылары мен ұйымдастырушылары оны тоқтатамын дегенше, ойы басқада болған шенеунік еш алаңдамай санитайзерді бірнеше рет жұтып үлгерген.

 Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін антисептикті бетіне дейін сеуіп алған қырғыз депутаты желіде жұлдыз болған еді. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары