$ 494.87  520.65  4.91

Қарағандыда қарақшылар микрокредиттік ұйымды тонап кетті (ВИДЕО)

Қарақшылар кассир қызға бензин шашып, ақша беруін талап еткен.
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Қарағандыда 9 ақпан күні түстен кейін қарақшылар микрокредиттік ұйымды тонап кетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ғимарат ішіне орнатылған бейнекамераға түскен оқыс оқиғаның видеосы Инстаграмдағы Temirtau.times парақшасында жарияланды.

"Медициналық бетперде киген екі белгісіз тұлға микрокредиттік ұйымдардың біріне баса-көктеп кіріп, 28 жастағы кассир қызға бензин шашып, ақша беруін талап етті", - делінген хабарламада.

Сонымен бірге, ер адам бойжеткенге бағынбай, қарсылық көрсетуге тырысса, оны өртеп жіберемін деп қорқытқаны атап өтіледі. Кассир оларға 120 мың теңге берген.

Аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 192-бабы, "Қарақшылық" бойынша қылмыстық іс тіркелді. Күдіктілерді анықтау және ұстау үшін полиция бөлімінің тәжірибелі қызметкерлерінен жедел топ құрылды, - дейді Қарағанды ​​облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары