21.02.2021, 19:25

Елордада салынып жатқан мешіт конструкциясы опырылып түсті

Ведомство ұсынған ақпаратқа сәйкес, төтенше оқиға кезінде зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

Нұр-Сұлтанда салынып жатқан Орталық Азиядағы ең үлкен мешіттің құрылыс жұмыстары барысында конструкция опырылып түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат

«19 ақпан күніне бас мешіттің құрылысы жұмыстарын жүргізу барысында монтаждалған металл конструкция құлады. Конструкция құлаған сәтте құрылысшылар түске үзілісте болған. Бас мердігер «Сембол құрылыс» компаниясы тергеу жүргізетін комиссия құрады», -деді Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен. 

Ведомство ұсынған ақпаратқа сәйкес, төтенше оқиға кезінде зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. «Шақырту түскен жерге өндірістік қауіпсіздік департаментінің қызметкерлері барды», - деп қосты департаменттен. 

Айта кетейік, төтенше оқиға орын алған жерден түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады. Видеолардың бірінің авторы құлаған конструкция екі кранды майыстырғанын айтады.

 

 

Тегтер: Елорда Мешіт