БҚО-да үйде ешкім жоқ кезде жеткіншек өз-өзіне қол салған. Бұл оқиға жайлы Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібеков растады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы "Мой город" басылымына сілтеме жасап.
Портал дерегіне сүйенсек, қайғылы оқиға бірнеше күн бұрын болған.
"11 жастағы бала үйде жалғыз қалған сәтте асылып қалған. Ол үйіндегі үш баланың үлкені. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабы "өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу" бойынша тергеу басталды", - деп хабарлады Белгібеков.
Сонымен қатар, Бәйтерек ауданының әкімі Марат Тоқжанов отбасының аман-есен екенін, ал қайғылы жағдайдың себептері анықталып жатқанын айтты.
"Әкімдік тарапынан отбасына көмек көрсетіледі. Қайғылы оқиға болған аудан басшысы отбасына көмектесуге уәде беріп, жағдайдың себептері анықталуда", - деді аудан басшысы Марат Тоқжанов.