Оқиғалар 23.02.2021 сағат 07:11

Ақтаудың жас жігіттері өлген итті ветеринарлық емхананың алдына тастап кетті (ВИДЕО)

Емхана қызметкерлері сыртқы бақылау камерасына түсіп қалған видеоны әлеуметтік желіде жариялағанды жөн көріпті.
Ақтаудың жас жігіттері өлген итті ветеринарлық емхананың алдына тастап кетті (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

21 ақпан күні түнде Ақтауда әлдекімдер өлген жануарды ветеринарлық емхананың алдына көлікпен әкеліп тастап кеткен, деп хабарлайды lada.kz.

Оқиғаның мән-жайы түсірілген видео қаладағы үй жануарларына арналған емханалардың бірінің әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды. Бейнежазбада екі жас жігіт көліктің жүк салғышынан жануардың денесін көтеріп шығарып, есіктің алдына қояды да, кері қайтып кетеді. 

Емхана қызметкерлері сыртқы бақылау камерасына түсіп қалған видеоны әлеуметтік желіде жариялағанды жөн көріпті.   

«Жас жігіттер келді де, емхананың жабық екенін көрген соң жүк салғыштан өлі итті көтеріп шығарды. Олардың өліп қалған жануарды неліктен емханаға алып келгенін түсінер емеспін. Өлген итті жерге қоя салып, жүк салғышын тазалап жатқанын қараңыздар», - дейді ашулы қызметкер. 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар