Қайғылы жағдай Алексеевка ауылында бүгін болған. Жер үйдің өртеніп жатқаны туралы хабарлама мамандарға таңғы төрттің шамасында түскен, деп хабарлайды «Хабар 24».
Олар оқиға орнынан дереу жеткенімен, адамдарды құтқару мүмкін болмады. Куәгерлердің айтуынша, қаза тапқан отағасы қызыл жалынның құрсауынан бір баласын аман алып шыққан. Артынша екінші перзентін құтқармақ болып, жанып жатқан үйге қайта кіріпті. Алайда түтінге уланып, өзі де, баласы да ажал құшты.