$ 449.3  489.69  4.89

Желіде Петропавлдағы жарылыс сәті түсірілген ВИДЕО тарады

Бұрын жатақхана болған нысан орталық газдандыру жүйесіне қосылмаған.

Әлеуметтік желіде Петропавлдағы көпқабатты үйлердің бірінде болған жарылыс видеосы тарады,  деп хабарлайды jasqazaq.kz.

 Полиция өкілдері бұл бірнеше күн бұрын төтенше жағдай болған жатақхана екенін растады.

 Бұған дейін СҚО ТЖД басшысы Рамиль Камалов көпқабатты үйден 7 газ баллоны, оның ішінде, жарылған баллон да шығарылғанын айтқан болатын. Олар тек кафеде емес, сонымен қатар, пәтерлерде де қолданылған. Бұрын жатақхана болған нысан орталық газдандыру жүйесіне қосылмаған. 

Тұрғын үйдің 120 тұрғыны уақытша көшірілді, көпқабатты үйде жөндеу жұмыстары басталды.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары