Екібастұзда жолаушылар вагонының темірден өзге бөлшектерінің барлығы жанып кетті. Әзірге өрт салдарынан келген шығынның мөлшері белгісіз, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«2 наурыз күні сағат 13:04-те нөмірі 2-ші мамандандырылған өртке қарсы күрес бөлімінің байланыс қызметіне Екібастұз қаласы, Астана көшесі 32Б мекен-жайында жолаушылар вагонының өртенгені туралы хабар келіп түсті», - деп хабарлады Павлодар облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
«Екібастұз моторлы вагон депосы» ЖШС-нің ашық аумағында теміржолда металдан жасалған жолаушылар вагонының жанатын бөлшектерінің барлығы жанып кеткен. Жалын 73 шаршы метр аумақты шарпыды», - делінген ведомство хабарламасында.