$ 444.22  476.38  4.82

Елорда орталығында көлік өртеніп кетті

Қаза тапқандар жоқ.

Елордада Мәңгілік Ел даңғылында автокөлік жанып кетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы қалалық ТЖД-не сілтеме жасап.

"Құрамында бес қызметкері мен бір техникасы бар өрт сөндіру бөлімшесі сағат 15.50-де Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 18 мекенжайы бойынша шақыртуға шықты. Мамандар оқиға орнына жеткен бойда Mazda маркалы көліктің тұрақта жанып жатқаны анықталды", - деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметінің өкілдері.

Құтқарушылардың мәліметінше, өрт 16.03-те сөндірілген. Абырой болғанда, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары