$ 494.87  520.65  4.91

«Қазақалтын» кенішінен құны 122 млн теңге тұратын алтын ұрланды

Қылмысқа қатысы бар адамдарды анықтау үшін жедел-тергеу тобы құрылды.

 «Қазақалтын» тау-кен металлургия комбинаты» АҚ-на тиесілі катодты алтынды ұрлау оқиғасы бойынша қылмыстық істі тергеуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақмола облысының Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, ұрлық биылғы наурыздың 3-іне қараған түні болған. Бұдан кәсіпорынға 122 миллион теңге залал келген.

«Осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 188-бабы 4-бөлігі «ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізілуде», - деді ведомстводан.

Осы ретте, аталмыш қылмысқа қатысы бар адамдарды анықтау үшін криминалдық полиция мен тергеудің тәжірибелі қызметкерлері қатарынан арнайы жедел-тергеу тобы құрылды.

«Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпараттар жарияланбайды», - деп толықтырды ведомстводан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары