$ 494.87  520.65  4.91

Елордада жалған шот-фактура жазған кәсіпорын басшылары тергеліп жатыр

Х. есімді азамат қылмыс үстінде қолға түсті.
фото: pixabay.com
фото: pixabay.com

Қаржы мониторингі агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша экономикалық тергеу департаменті жалған шот-фактура жазу фактісі бойынша бірқатар кәсіпорын басшыларына қатысты қылмыстық істі тергеуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 Бюджетке төленуі тиіс салық сомасы 220 млн теңгеден асады. Жедел іздестіру шаралары барысында Х. есімді азаматтың басшылығымен бір топ адам жалған шот-фактура жазып беретіні, сондай-ақ ЖШС-ның бірнеше заңды тұлғаларынан қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыратыны анықталды.

 Х. есімді азамат қылмыс үстінде қолға түсті. ҚК 216-бабы 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 

ҚР Қылмыстық-процестік кодексiнің 201-бабының талаптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерi тергеу мүддесіне сәйкес жария етілмейді.


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары