Павлодарда полицей дүкенді тонап, қолына қару алып, супермаркеттің кассасындағы ақшаны ұрламақ болған. 22 жастағы күдікті Павлодар станциясының желілік полиция бөлімінің қызметкері болып шыққан. Ер адам қамауға алынды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
5 наурызда Instagram-да медициналық маска тағып алған ер адам қолына қару алып, әйел адамнан кассадағы ақшаны беруді талап етіп жатқан видеосы тарады. Сатушы күдіктінің қоқан-лоқысынан қорықпай, құтылып шыққан.
Артынша полицейлер күдікті ұсталғанын, сол күні ол тағы бір дүкенді тонағанын айтты. Бұл жолы күдікті кассадан 120 мың теңге алып кеткен. Артынша ол ұсталған.