$ 448.15  483.46  4.86

Елордада заңсыз жер теліміне салынған құрылыс тоқтатылып, бұзылды

Атқару құжатының талаптары толық көлемде орындалды.

Елордалық Әділет департаментінің сот орындаушысы Нұр-Сұлтан қаласы аудандық соты шығарған заңсыз жер учаскесін босату туралы талапты орындады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

«Осы жылдың 11 наурызында Нұр-Сұлтан қаласы Әділет департаментінің мүліктік емес сипаттағы талаптарды орындау аумақтық бөлімінің мемлекеттік сот орындаушысымен Нұр-Сұлтан қаласының Алматы аудандық сот шешіміне сәйкес Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданы, Манаса көшесі, 21 мекенжайында орналасқан 0,05875 га (587,5 кв.м.) жер телімін босатып, өз қаражаты есебінен шаруашылық-тұрмыстық құрылысты және металл қоршауды мәжбүрлі түрде бұзу (демонтаждау) бойынша атқару жүргізілді. Атқару құжатының талаптары толық көлемде орындалды», - делінген Нұр-Сұлтан қаласы Әділет департаменті таратқан хабарламада.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары