16.03.2021, 21:42

Маңғыстауда құмды дауыл болды (ВИДЕО)

Қолайсыз ауа райында түсірілген видеолар әлеуметтік желілерде тарап жатыр.

Маңғыстау облысында құмды дауыл тұрды. Қолайсыз ауа райында түсірілген видеолар әлеуметтік желілерде тарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бір күн бұрын Төтенше жағдайлар департаменті өңірде желдің секундына 17-22 метрге дейін күшейетіні туралы ескерту жариялаған болатын.

Айта кетейік, дауыл соғатыны туралы ескерту 16 наурызда Солтүстік Қазақстан облысы мен Петропавлда жарияланған еді. Болжам бойынша, оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метрге дейін жел соғатыны айтылған.

Сондай-ақ, тұман және жел салдарынан Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Ақмола және Атырау облыстарында ескерту жарияланды.