$ 494.87  520.65  4.91

БҚО-да жайылып жүрген малды атқан ұрылар ұсталды

Түнде шекаралас аудан жаққа шығып, жайылып жүрген малды атып алады.
фото: pixabay.com
фото: pixabay.com

Қан қақсатқан ұрылар ақыры құрықталды. Атырау мен Батыс Қазақстан облысының шекаралас аймағанда жылқыларды атып, құлындарын ақтарып кеткен қарақшылар қолға түсті, деп Skifnews.kz ақпарат порталы КТК арнасына сілтеме жасап. 

Обал-сауапты білмейтін ұрыларды арнайы жасақ аңдып жүріп ұстаған. 

Бақташылардың өрістегі төрт түлігіне тыным бермегендер Батыс Қазақстан облысының тұрғындары болып шықты. Ұсталған үш күдікті буаз биелерді де атып отырған. Тінткен кезде олардың үйінен сойылған мал терісі мен оқ-дәрі тәркіленді. Алайда жылқы етін қайда барып өткізгені әзірге белгісіз. Қазір түн жамылған сұғанақтардың өзге де сыбайластары тексеріліп жатыр. 

«Түнде шекаралас аудан жаққа шығып, жайылып жүрген малды атып алады. Сосын ішін ақтарып, ақтарып, басын сол жерге тастап кетіп отырған. Сл жерде сойып, бері қарай әкеледі. Осындай қылмыспен айналысқан топ», - деді БҚО ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Ерлан Арыстанов.
 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары