$ 445.66  474.58  4.78

Атырауда жол апатынан актриса қаза тапты

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Театр актрисасы Әсел Салауатқызы Атырау-Доссор тас жолында апатқа ұшырады, деп жазады КТК телеарнасы.  
Қайғылы оқиға 19 наурыз күні Атырау-Доссор тасжолында болған. Газель мен ВАЗ-2114 автокөліктері соқтығысты. Соның салдарынан көліктің жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды. Ол 1997 жылы туған. Театрда жұмыс істеген. 

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

 Апат салдарынан қайтыс болған талантты актриса Махамбет Өтемісұлы атындағы драма театр жанындағы жастар театрының актрисасы болған. 

Актриса "Алғашқы махаббат", "Үйлену оңай", "Дабыл", "Клеопатра", "Желтоқсанның бір түні" атты және тағы басқа да қойылымдарда рөл сомдаған. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары