Оқиғалар 21.03.2021 сағат 20:12

«Абдырап қалдым»: атақты тележүргізушіге тыржалаңаш әйел шабуыл жасады (ВИДЕО)

Бағдарлама қайта жалғасқаннан кейін Мирелла Вайда есеңгіреп қалғанын және өз қауіпсіздігі үшін қорқатынын жеткізді.
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Румыниялық танымал тележүргізушіге тікелей эфир кезінде тыржалаңаш әйел шабуыл жасады деп хабарлайды Nur.kz Lenta.ru дерегіне сілтеме жасап.

Келеңсіз жағдай румыниялық Antena 1 телеарнасының студиясындағы «Тікелей мүмкіндік» бағдарламасы кезінде болған. Ал ролик YouTube желісінде жарық көрді. 

G4media басылымының мәліметінше, бейтаныс адам күзетшілерді айналып өтіп, тележүргізуші Мирелла Вайдаға тура жүгірген. Тіпті БАҚ өкіліне әйелдің тас лақтырғанын кадрдан байқау қиын емес. Тележүргізушінің бағына орай ол мүлт кеткен. Содан кейін шабуыл жасаған әйел қолға түсті. 

Өз кезегінде ол «Ақшамды қайтар» деп айқайға басқан. Бағдарлама қайта жалғасқаннан кейін Мирелла Вайда есеңгіреп қалғанын және өз қауіпсіздігі үшін қорқатынын жеткізді.

 «Бұл әйел өте жылдам жақындап, мені таспен ұруға тырысты. Мен не болып жатқанын түсінбегендіктен қатты абдырап қалдым. Батыл қадам жасауға шамам келмеді. Жолым болып оның соққысы тимей қалды», - деді тележүргізуші. 

Басылым таратқан ақпаратқа сәйкес, шабуыл жасаған әйел жақында психиатриялық ауруханадан шыққан. Оның студияға ашық есіктен кіруі мүмкін екені айтылып жатыр. 
 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар