$ 494.87  520.65  4.91

Мұғалім стриптиз билегенін видеоға түсіріп, оны оқушысына жіберген

Интимдік видео туралы белгілі болғаннан кейін, ол мекенжайын өзгертті.

Новосібір облысының Татар ауданында ауыл мектептерінің бірінде  ағылшын және неміс тілдерінің 32 жастағы мұғалімі стриптиз билеп, оның видео түсіріп, жоғары сынып оқушысына жіберді. Бейне әлеуметтік желілерде тез таралып, дау тудырды, деп хабарлайды Newsroom+ «Комсомольская Правдаға» сілтеме жасап.

Дарья Романова (аты өзгертілген) мектепте екі жыл жұмыс істеді. Оның күйеуі жоқ, ол кішкентай қызын тәрбиелеп отыр. Әріптестерінің айтуынша, балалар оны қатты жақсы көрді, бірақ ол тоғызыншы сынып оқушысы Михаилмен ерекше қарым-қатынаста болған.

«Ол оған: «сен өте әдемісің, тек жалқау екенсің», — деді  бұл баланы таңғалдырды», – деді басылымға ауыл тұрғындары.

Интимдік видео туралы белгілі болғаннан кейін, Дарья мектептен шығып, тұрғылықты жерін өзгертті. Қазір мұғалім тіпті таныстарынан да жасырынып жүр.

Алдымен әйел стриптиз ролигі басқа жас жігітке арналғанын оның парақшасы бұзылғанын мәлімдеді. Алайда, полициядан жауап алу кезінде Дарья  кінәсын мойындап, өзі оқушыға видео жібергенін растады.

Тергеушілер «он алты жасқа толмаған адамға қатысты жасалған азғындық әрекеттер»бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Ол үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары