$ 494.87  520.65  4.91

«Ресейдегі төбелес кезінде жапа шеккендер арасында отандастарымыз жоқ» – СІМ (ВИДЕО)

Бұл жанжал асханада немесе қызметтік автобустың ішінде болған көрінеді. Қазір бұл жайтың анығын полиция тексеріп жатыр.
фото: видеодан скриншот
фото: видеодан скриншот

Мурманскідегі жаппай төбелес кезінде тұтқындалғандар мен жарақат алғандар арасында отандастарымыз жоқ. Бұл туралы Қазақстанның сыртқы істер министрлігінен хабарлады. Вахталық әдіспен қызмет ететін жұмысшылар, 23 наурыз күні құрылыс алаңында жаға ұстасып қалған, деп хабарлады Астана телеарнасы. 

Кикілжің қанды қақтығысқа ұласқан, алты адам жарақат алды. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, жұмысшылардың бірі мойнынан жарақат алған, ал екіншісінің бет сүйегі сыныпты. 

Әлеуметтік желіде тараған хабарламада, бір-біріне жұдырық сілтегендердің арасында қазақстандықтар болғаны айтылған. Түрлі ақпарат көздерінен түскен деректерге сүйенсек, бұл жанжал асханада немесе қызметтік автобустың ішінде болған көрінеді. Қазір бұл жайтың анығын полиция тексеріп жатыр. Қазақстанның Санкт-Петербургтегі Бас консулдығы да жағдайды бақылап отырған көрінеді.

 «Бұл кикілжің – тұрмыстық сипаттағы оқиға. Компания өкілдерінің айтуынша, мәселе шешімін тапқан және қызметкерлер бұрынғыша жұмыс істеп жатыр. Қолдағы деректерге сәйкес, полиция тұтқындағандар мен жарақат алғандардың арасында қазақстандықтар жоқ», - деді ҚР СІМ баспасөз хатшысы Айбек Смадияров. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары