$ 446.49  475.38  4.79

Таразда тәнін саудалаған бес әйел ұсталды

48 жастағы әкімші келіншек те қамауға алынды.

Шығыс Қазақстанда көлік дөңгелегіне есірткі жасырған ер адам ұсталды. Полицейлер Жарма ауданы Қалбатау кенті маңындағы трассада «Volvo» маркалы жеңіл көлікті тоқтатады. Тіну кезінде салонда табылған екі автошина ішінен жалпы салмағы 20 келіге жуықтайтын 19 бума табылған, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Буманың ішін ашып қараған сәтте «кептірілген марихуана» болып шықты. Күдікті танысының доңғалақтарды Өскеменге жеткізіп беруін өтінгенін айтып отыр.

Қазіргі уақытта құқық қорғаушылар заңсыз есірткі тасымалына қатысы бар азаматтардың жеке басын анықтап жатыр. 

«Шығыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері ірі көлемде есірткі заттарын тасымалдау арнасының жолын кесу бойынша арнайы іс-шара өткізді. Күдікті сот санкциясымен қамауға алынып, ҚР қылмыстық Кодексінің 297-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Яғни күдікті 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін», - дейді өңірлік ПД баспасөз хатшысы Әйгерім Нұрғазина.   

Ал тараздық полицейлер емдеу-сауықтыру кешенінде тәнін сатқан 5 әйелді қолға түсірді. Жезөкшелер притонын ұйымдастырған 48 жастағы әкімші келіншек те қамауға алынды. Енді олар заң алдында жауап береді.

Айта кетейік, Жамбыл өңірінде «Стоп-трафик» жедел алдын алу іс-шарасы жүріп жатыр. Алғашқы күннің өзінде 12 адам әкімшілік жауапқа тартылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары