$ 442.05  474.14  4.74

Шымкентте өртенген көліктен ер адамның мәйіті табылды

Денесі қатты күйіп қалған.

Шымкентте 26 наурызда көлік өртенді. Өрт сөндірушілер жанып кеткен көліктің ішінен ер адамның денесін тапқан, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы  «Otyrar» басылымына сілтеме жасап.

26 наурызда кешкі сағат 8-9 шамасында Toyota Camry 35 маркалы көлігі өртеніп кетті. Өртенген көліктің ішінен 1985 жылы туған ер адамның мәйіті табылды. Денесі қатты к.үйіп қалған. Сондықтан оның кім екенін генетикалық сараптамасыз анықтау мүмкін емес. Әдетте, мұндай жағдайларда генетиктердің көмегі қажет.

Автокөліктің жану себебі анықталып жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Оқиға болған жерген ТЖД-нің тоғыз қызметкері мен екі техникасы, екі өрт сөндіру қызметкері  келген. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары