$ 494.87  520.65  4.91

Мысығы тістеп алған әйел көз жұмды

Дәрігерлердің айтуынша, құтырудың инкубациялық мерзімі бірнеше күннен 3 жылға дейін созылуы мүмкін.
фото: pixabay.com
фото: pixabay.com

60 жастағы әйел коронавирусқа шалдықтым деп ойлап, ауруханаға барған көз жұмды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. 

Ресейдің Волгоград облысының тұрғынын мысығы тістеп алды. Әйел өзін бірден жайсыз сезінген. Көп ұзамай қайтыс болды. Марқұмның мысықтан құтыру дертін жұқтырғаны анықталды. 60 жастағы әйел коронавирусқа шалдықтым деп ойлап, ауруханаға барған. Алайда дәрігерлер құтыру дертінің белгілерін анықтап, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жіберді. 

Науқас 25 наурыз күні көз жұмды. Эпидемиологиялық тексеріс кезінде әйелдің мысығы мен иті болғаны анықталды. Бір жарым ай бұрын мысығы итін тістеп алған. Бірақ әйел дәрігерлер көмегіне жүгінбеді. 

Дәрігерлердің айтуынша, құтырудың инкубациялық мерзімі бірнеше күннен 3 жылға дейін созылуы мүмкін.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары