$ 446.49  475.38  4.79

Сарбаз Тараздағы әскери бөлімнен не үшін қашқанын түсіндірді

Ақыртөбе ауылына жеткен соң малшыларға жалданып жұмыс істепті.
фото: Ratel.kz
фото: Ratel.kz

Таразда төрт тәулік бұрын нөмірі 85-те 395 әскери бөлімінен жоғалып кеткен сарбаз табылды. Ол қаладан 60 шақырым қашықтықта жатқан Ақыртөбе ауылының маңындағы малшылардың қоражайын паналапты, деп хабарлайды Астана телеарнасы. 

Осы оқиғаға қатысты әскери бөлім басшылары БАҚ өкілдерін жинап, арнайы брифинг өткізді. Сарбаз бұл әрекетін ата-анасын сағынғандығымен түсіндіреді. 

 «Ақыртөбе ауылында малшы болып жүрдім, тамақ, үй бәрі тегін. Күндігіне береді, 3-4 мың теңге тауып, үйге барып, ата-анама сыйлық алып қайтып келемін деп ойладым. Қателік жасамаймын енді, ары қарай Отан алдындағы борышымды атқарам»,  - деді қатардағы жауынгер Нұрасыл Арысбаев. 

Аймақтағы әскерилерді аяғынан тік тұрғызған қатардағы жауынгер Нұрасыл Арысбаев, наурыздың 25-інен 26-на қараған түні әскери бөлімнен қашқан. Шымкентті бетке алған, адасып қалып, Алматыға қарай жаяу жүре берген. Ақыртөбе ауылына жеткен соң малшыларға жалданып жұмыс істепті. Айтып өтейін, жауынгерді іздеуге өңірде 19 топ құрылған. Бұл оқиғаға байланысты қазір тексеру амалдары жүргізілуде. Соның нәтижесімен қашқын сарбазға қандай жаза қолданылатыны белгілі болмақ. 

«Оған қатысты процессуалды іс шаралар жүргізу үшін істер құзырлы органдарға тапсырылды. Айыппұл және гаупвахтада ұстау жөнінде оған әкімшілік жаза қолданылуы мүмкін», - деді 85395 әскери бөлімі  командирінің орынбасары Бауыржан Дүйсенбаев. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары