$ 449.58  486.94  4.86

«Аяжанды өлтірген жігіт қандықол маньяк болуы мүмкін» – сарапшылар

Құрбанының терісін кесіп алған күдікті бәрін шұғыл түрде, еш абыржымай жасаған, дейді олар.
Фото: stan.kz
Фото: stan.kz

Заңгерлер, криминалистер және сот сарапшылары Аяжан Еділованы өлтірген жігіттің қылмыстың іздерін жасыру үшін қатыгез әрекетке барды дегенге күмәнданады. Құрбанының терісін кесіп алған күдікті бәрін шұғыл түрде, еш абыржымай жасаған, дейді олар. Осыған орай, сарапшылар айыпталушы бұл әрекетті бірінші рет жасағанына сенбейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның «Информбюро» жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

19 жастағы Аяжан оқуға, Aya Lan жеке киім брендін дамытуға және сұлулық салонында жұмыс істеуге үлгерген. Қызды танитындар оның ақшаға мұқтаж болмағанын айтады. 

Аяжан тұрған студенттер жатақханасына түнгі 23:00-ге дейін келу міндетті екен. Бірақ 19 наурызда бойжеткен алғаш рет студенттер жатақханасына уақытылы оралмапты.

«Сол күнге дейін Аяжан үйде түнемегенін немесе түнделетіп жүретінін ешқашан байқамадым. Сондықтан біз де, достары да дабыл қағып, жоғалған күні іздей бастадық. Ол білімді, жауапты болды», - деді жатақхана меңгерушісі Марал Әубәкірова.

Айта кетейік, полиция мәліметінше Аяжан Еділова 19 наурызда түнгі сағат 11-де қаза тапты. Еріктілер іздестіру жұмыстарын жүргізіп, 21 наурызда қызды Нұркент ықшам ауданына алып барған такси жүргізушісін анықтаған. Еріктілерден түскен ақпарат бойынша полицейлер қылмыс орнына барған. Кейінірек қыздың денесінің бөліктері мегаполистің әртүрлі аймақтарынан табылыпты. Оның туыстары кісі өлтірушінің қатыгездігі туралы айтуда. Күдікті марқұмның басын қайнатып, тырнағы мен тістерін жұлып алған.
Күдікті Рахманберді Төребеков  2010 жылы медициналық академияға түскені белгілі. Бір жылдан кейін нашар үлгерімі үшін оқудан шығарылды. 2012 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының медакадемиясына грантқа түскен. Бірақ екінші курстан кейін сол жерден де шығарылды.

Аса ауыр қылмыстық істер бойынша адвокат болып жұмыс істейтін тәжірибелі заңгер Қадыржан Ғалымжанұлы күдіктінің қылмысты жалғыз жасағанына күмән келтірмейді. Десек те қолда бар дәлелдерді тергеу тобы мұқият тексеруі керек.

«Медицина университетінің студенттері оқу кезінде мамандық бойынша мәйітханаға барады. Бұл міндетті. Сондықтан ол бәрін жалғыз жасай алады. Бұл бірінші рет жасалған қылмыс болмауы мүмкін. Ол еш саспаған, абыржымаған. 19 наурыздан 20 наурызға қараған түні қызды өлтіріп, сол түні денесін далаға лақтырды», - дейді заңгер Қадыржан Ғалымжанұлы.

Аяжан Еділованың өліміне күдікті Рахманберді Төребеков Түркістан облысының Жаушықұм ауылында тұрған. Оның туыстары сұхбаттан бас тартты. Мектеп мұғалімдері үздік түлектің осындай қатыгез кісі өлтіргеніне сенбейді.

«Біз есеңгіреп қалдық! Ол өте ақылды, дарынды еді», - деді Шардара ауданы мектебінің директоры Роза Жүнісқұлова.

Тергеу бұл іс бойынша ақпаратты жария етпейді, бірақ резонансты ескере отырып, сұрақтарға ерте ме, кеш пе жауап беруге тура келеді. Аяжанның өлімі қоғамды дүр сілкіндірді, көпшілік қыздарының қауіпсіздігі үшін алаңдайды.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#қылмыс