04.04.2021, 21:28

«Денсаулығым туралы көп сұрайтын»: Аяжанды өлтірген күдіктінің тағы бір қызбен сөйлескені белгілі болды

Күндіз кездесіп жүрген күннің өзінде барынша пәтеріне алып баруға тырысатын. Мен, әрине, оған келіспедім.

Рахманберді Төребековті танитын қыз тың ақпараттармен бөлісті, деп хабарлайды Bugin.kz сайты.

Тик-ток желісіне жүктеген видеосына қатысты 31 арна тілшісі Әлібек Шынтемірге сұқбат берген. Рахманберді Төребековпен Badoo арқылы танысқанын айтады. «Ауыр қылмыс жасағанын естіп, суретін көргеннен кейін жүрегім жарыла жаздады» дейді.  

«Күндіз кездесіп жүрген күннің өзінде барынша пәтеріне алып баруға тырысатын. Мен, әрине, оған келіспедім. Жігітім бар ма, жоқ па, ол оны алаңдатпайтын. Денімнің саулығы туралы өте көп сұрайтын. Сондай-ақ, бірге тамақтанудан бас  тартатын. Қолымды қатты қысып ұстап алған жағдай да болған», - дейді Bugin.kz сайтының  тілшісіне берген сұқбатында.

Оқи отырыңыз: «Аяжанды өлтірген жігіт қандықол маньяк болуы мүмкін» – сарапшылар

Айта кетейік, Рахманберді Төребековтің 1 жыл Арзан  сауда кешенінде бакалея өнімдерін сату бойынша мерчендайзер болып жұмыс істегені белгілі болды. Рахманбердімен бірге жұмыс істеген әріптесі Мадина Bugin.kz тілшісіне өз пікірімен бөлісті.

«Өте ұқыпты бала болатын. Бәрімен жақсы араласып, бәріне көмектесіп жүретін. Тауарды тиянақты,тыңғылықты реттейтін. Тіпті кей қыздардың қолынан олай реттеу келмейтін еді. Үстіне шаң жуытпай таза жүретініне таң қалатынбыз. Футбол жайлы көп айтатын»,- дейді әріптесі.