$ 494.87  520.65  4.91

Таразда үш жасөспірімге оқ тиіп, ауруханаға жеткізілді

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Таразда үш жасөспірімді атып кеткен, олар қазір ауруханада жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Тараз қаласының Полиция басқармасына үш кәмелетке толмағанның оқ-дәрі (бытыра) жарақатымен облыстық балалар ауруханасына жеткізілгені туралы хабарлама келіп түсті.

«Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Қылмысты жасаған күдікті ұсталып, қамаққа алынды. Кәмелетке толмағандардың денсаулық жағдайлары тұрақты, өмірлеріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ»,- деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, ведомство Қылмыстық істің толық мән-жайы Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне байланысты жариялануға жатпайтындығын айтқан.
 


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Тараз #қылмыс