$ 444.22  476.38  4.82

Алматыда жолаушылар автобусы өртенді

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Фото: baq.kz
Фото: baq.kz

Алматыдағы Әйгерім-2 шағын ауданында жолаушылар автобусы өртке оранды, деп хабарлайды baq.kz.

Алматы қаласы ТЖД-нің мәліметінше, бүгін сағат 10.00 шамасында қоғамдық көліктің өртенгені туралы хабар келген.

20 сәуір күні сағат 11:00-де Алматы қаласы ТЖД "101" пультіне куәгерлерден Алатау ауданы Әйгерім-2 шағын ауданындағы Қожаханов-Бембердин қиылысы көшесілерінде автобустың жанғаны туралы хабарлама түсті. Өрт сөндірушілер 7 минуттің ішінде келгенде жалын от 20 шаршы метр алаңда «Лиаз» маркалы автобустың ашық жалынмен жанғанын анықтады. Дереу көбігі бар өрт оқпандары жанып жатқан автобусты сөндіруге және автобус конструкцияларын салқындатуға бөлек өрт оқпандары берілді, - делінген хабарламада.

Қабылданған шаралармен өрт 7 минут ішінде оқшауланып, 11сағат 22 минутта жойылған. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары