Қарағанды әкімдігі ғимаратының терезесінен адам құлап өлді. Бұл туралы қарағандылық белсенді Айсұлтан Жақыпов айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Оның айтуынша, қайғылы оқиға қалалық әкімдіктің ғимаратында болған. Факт тіркеліп, іс қозғалған. "Жігітке бұрынғы Бульвар мира көшесіндегі емханада ота жасалған дейді-міс. Бірақ, оқиға қайғылы аяқталды", - деп атап өткен ол өзінің ФБ парақшасында.
Оқиғаның нақты барысын құзырлы мекемелер әлі хабарлаған жоқ. Куәгерлердің айтуынша 1983 жылы туған азамат әкімдік терезесін жөндеп жатқанда құлап кетіп қайтыс болған. Қоғам белсендісінің айтуынша өлген азаматты жерлеуге әкімдік автобус т.б көмек жасаған.
Бұл іс бойынша қазір тергеу жүріп жатыр.