$ 494.87  520.65  4.91

«Көрер жарығы бар екен»: Дүңгіршектің есігі сынып, терезесі шағылған

Павлодарда Камзин көшесімен келе жатқан Toyota көлігінің дөңгелегі жарылып кеткен.
фото: sputnik.kz
фото: sputnik.kz

Павлодарда Toyota Mark II автокөлігі газет дүңгіршегіне соғылды – оқиға орнында түсірілген видеоны @tipavlo паблигі жариялады  деп жазды Sputnik.

Кадрдан қатты соққыдан дүңгіршектің есігі сынып, терезесі шағылғанын көруге болады.

"Көрер жарығы бар екен: дүңгіршек сатушысы түскі асқа кеткен кезде болған", - деп желі қолданушыларының бірі видеоға пікір қалдырған.

"22 сәуірде сағат 13.00-де Павлодарда Камзин көшесімен келе жатқан Toyota көлігінің дөңгелегі жарылып кеткен. Салдарынан жүргізуші рөлге ие бола алмай, дүңгіршекті соққан. Сараптама қорытындысы бойынша жүргізуші ішімдік ішпеген", - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 610-бабы бойынша жүргізуші жауапқа тартылды. Бұл бап 20 айлық есептік көрсеткіш (58 340 теңге немесе 135 доллар) мөлшерінде айыппұл салуды немесе алты айға дейін көлік жүргізу құқығынан айыруды қарастырады.   

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары