Алматыда тұрғын үй кешенінің күзетшісі аңшылыққа арналған мылтықтан жарақат алды. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Тұрғын үй кешенінің күзетшісі ("Бұхар Жырау Тауэрс") мен белгісіз ер адамның арасында туындаған жанжал салдарынан күзетшінің аяғы, алдын-ала мәлімет бойынша, аңшылық мылтықтан жараланды. Ол ауруханаға түсті", - деді қалалық полиция өкілдері.
Оқиға болған жерге полицейлер барды, күдіктіні ұстау бойынша шаралар қабылданды.