Алматы облысында жүк көлігі сиырларды қағып, 33 жастағы жолаушы мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаны растады. Жол- көлік апаты Талғар ауданында болды.
«HYUNDAI HD 270» жүк көлігінің жүргізушісі батыс бағытта Ақбұлақ-Талғар тасжолы бойында үш сиырды қағып кеткен. Салдарынан оқиға орнында 33 жастағы жолаушы мерт болды», - деп хабарлады Алматы облыстық Полиция департаментінен. Аталған жол апаты бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы, 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.