$ 494.87  520.65  4.91

Ақтауда пәтерден әйел адамның мәйіті табылды (ВИДЕО)

«Адам өлтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ақтаудағы 5-шағынаудандағы тұрғын үйлердің бірінен әйелдің денесі табылды.

Бұл туралы Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Әйелдің мәйіті табылғандығы туралы ақпаратты айтып, біреу полицияға 25 сәуірде сағат 22:30-да қоңырау шалған. Департаменттің баспасөз қызметі хабарлағандай, мәйіт 5-шағынаудандағы үйлердің бірінің пәтерінен табылды.

«Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды»,-деп толықтырды баспасөз қызметі. Қазіргі уақытта полиция күдіктіні ұстау бойынша шаралар қабылдауда.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары