$ 494.87  520.65  4.91

Алматыдағы құрылыс алаңында жас жігіт қаза болды

Сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Фото: instagram.com/net.zastroyke.almaty
Фото: instagram.com/net.zastroyke.almaty

Әлеуметтік желілерде Алматыдағы құрылыс алаңында 19 жастағы жұмысшы қаза тапқаны туралы ақпарат пайда болды. Кейін мұны қалалық полиция растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Құрылыс алаңындағы өлім туралы Нұрмақов-Қабанбай батырдағы құрылысқа шағымданып жүрген "За комфортный город" Instagram-парақшасының авторлары жазды.

"Құрылыс алаңында 19 жастағы құрылысшы, жас жігіт қайтыс болғанын өкінішпен хабарлаймыз. Біз олардың құрылысы тәртіпбұзушылыққа толы екенін неше рет жаздық? 

Қарлы ауа райында дәнекерлеу жүргізді, Калинин көшесіне (қазіргі Қабанбай батыр) бетон төкті, сосын барлық көлік бетон болды. Жолаушылардың төбесіндегі трактор да, ойын алаңындағы жебелер, бетонды да таңғы төртке дейін құйғанды ұнатады.

Тағы не болуы керек, айтыңыздаршы? Неге рейдтер барлар мен мейрамханаларға жасалады? Ал құрылыс ше? Енді біреудің ұлы үйіне оралмайды", - делінген жазбада.

Алматы полиция департаменті жігіттің өліміне қатысты қылмыстық кодекстің 156-бабы "Еңбекті қорғау ережелерін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

"Сонымен қатар, аталған факт бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасы тексеру жүргізіп жатыр, оның нәтижелері бойынша іске процестік шешім қабылданады", - деді Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары