$ 448.15  483.46  4.86

Алматылық әйел 10-қабаттан секіріп, көз жұмды

Ол өз-өзіне қол жұмсаған.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Алматыда 49 жастағы әйел 10-қабаттағы пәтердің терезесінен секірді, деп хабарлайды zakon.kz

Оқыс оқиға 3 мамырда Алматының Алмалы ауданында орналасқан тұрғын үй кешендерінің бірінде болған.

1972 жылғы қала тұрғыны өзін биіктен лақтыру арқылы өз-өзіне қол жұмсады. Оның Психикалық денсаулық орталығында тіркеуде тұрғаны анықталды.

Аталған факт ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Іс Алмалы ауданының полиция бөлімі өз өндірісіне алды, - деп хабарлайды қалалық ПД.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары