Нұр-Сұлтан орталығындағы жаяу жүргіншілер өткелінде 17 жастағы жетім баланы көлік қағып кетті, деп жазады Liter.kz
Куәгерлердің айтуынша, жүргізуші тоқтамай, ары қарай кетіп қалған. Көлікті фитнес-орталықта қалдырған. Көлікті шенеуніктің ұлы басқарған.
Апатқа куәгер болған Sara Bersan атты азаматша өзінің Facebook-тегі парақшасында жағдайды егжей-тегжейлі баяндады.
– Мен елорданың сол жағалауының дәл ортасында жол апаты болғанын көрдім. 1999 жылы туған жас жігіт жаяу жүргіншілер өткелінде жасөспірімді қағып, оқиға орнынан қашып кетті. Оның үстіне ол жай ғана қашып кетпей, жайбарақат фитнес орталыққа барып, спортпен айналыспақшы болған. Мен және жанымдағы қыз оны тоқтатып, зардап шегушіге көмек шақырттық. Апат салдарынан жаңа көліктің үстіне құлаған 2004 жылғы бала сасқалақтап қалды, – деді Сара.
Жәбірленуші әйелдерден болған жағдай туралы әжесіне хабарламауын өтінген, себебі ол инсульттан кейін сал болып қалған. Куәгерлер жүргізуші өзін жайбарақат ұстап, үнемі біреуге қоңырау шалумен болды дейді.
Сара ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің акциздер әкімшілігі басшысының ұлы Дамир Нұрғалиевтің жасөспірімді қағып кеткен көлікті басқарғанын анықтады.
– Мен барлығына дайынмын! Бізге жаңа Үсеновтер керек емес! Мен екінші куәгермен сотқа барып, айғақ беремін. Бұл менің азаматтық ұстанымым, – деді ол.
Полиция департаменті бұл жағдайға түсініктеме беріп, апат 30 сәуірде сағат 15:13-те болғанын мәлімдеді.
– 21 жастағы жүргізуші Toyota Camry көлігін басқарып, Түркістан көшесінен Сығанақ көшесінен №2 үйге қарама-қарсы келе жатып, жолдың жүру бөлігінен белгіленген жерде өтіп бара жатқан 2004 жылы туылған жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы белгіленген тәртіпте Нұр-Сұлтан полиция бөлімінде тіркелді. Жарақат алған бала ем қабылдап жатыр. Алынған жарақаттардың ауырлығы сот-медициналық сараптаманың нәтижелері бойынша анықталады, – деп жазды Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментінің әкімшілік полиция бөлімінің бастығы Элжан Чупеков Facebook парақшасында.
Ол материал полиция департаментінің басшысы Ержан Сәденовтің бақылауында екенін нақтылады.