$ 446.49  475.38  4.79

Шымкентте 15 жастағы жасөспірім ұйықтап жатқан 8 жасар қызды зорлаған

Зорлық көрген қыздың анасы сотталған оқушыға кешірім берген.

Шымкентте 15 жастағы жасөспірім 8 жасар қызды жыныстық зорлық көрсеткені үшін 5 жылға сотталды.

Оқиға өткен жылы шілде айында болған. Жасөспірім қыздың ұйықтап жатқанын пайдаланып, оған қатысты зорлық әрекеттерін орындаған. 8 жастағы қыз анасымен сол сәттерде сотталғанның үйінде пәтер жалдап тұрған,  деп хабарлайды «Астана» арнасы.

«Түнгі уақытта көрші тұратын 8 жасар қызды сәкіде ұйықтап жатқанын пайдаланған. Қыздың ұйықтап жатқан және дәрменсіз күйін пайдаланып, оған қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттер жасаған. Сотта кәмелетке толмаған 15 жасар жігіттің кінәсі толығымен дәлелденді», – деді Шымкент қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотының судьясы Әбинұр Қарабаев.

Зорлық көрген қыздың анасы сотталған оқушыға кешірім беріпті. Десек те, судьяның сөзінше, аса ауыр қылмыс санатына жататындықтан бұл оны ақтап алуға негіз болмаған. Оқушының кәмелет жасына толмағандығы ескерілген. Үкім заңды күшіне енбеген.

Айта кетсек, 2020 жылы осыған ұқсас 7 іс қаралып, үкім шыққан. Биылғы төрт айда бұл екінші іс болып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары