$ 494.87  520.65  4.91

87 жастағы әжейді туған қызы мен немересі соққыға жыққан (ВИДЕО)

Әжейдің сөзінше, ол 1964 жылы туған қызы мен 1989 жылы немересінен үнемі қорлық көріп келген.

Әлеуметтік желіде беті мен аяқ-қолында жарақаты көп өзбекстандық әжейдің видеосы тарап кетті. Бұл жайтқа қатысты Ташкент қалалық ішкі істер департаменті пікір білдірді деп хабарлайды centralasia.media.

Полиция мәліметіне сүйенсек, соққыға жығылған әжей туралы ақпарат медициналық мекемеден түскен. Ауруханаға 26 сәуір күні 1934 жылы туған Тоза Г. есімді зардап шегушіні 1983 жылы туған немересі жеткізген екен. Әжейдің сөзінше, ол 1964 жылы туған қызы мен 1989 жылы туған немересінен үнемі қорлық көріп келген.

Аталған факті бойынша Мирзо-Ұлықбек ауданының ІІБ тергеу бөлімі Өзбекстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 110-бабының 2-бөлігі "в" тармағы бойынша қылмыстық іс қозғаған. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Тергеу жұмыстары аясында зардап шегуші атаған тұлғалардың қылмысқа қатысы бар-жоғы, оқиғаның мән-жайы анықталмақ.

Айта кетейік, жақында қазнетте көпқабатты үйдің кіреберісінде зейнеткерді еш себепсіз аяусыз ұрып жатқан ер адамның видеосы пайда болған еді. Кадрларда зейнеткер подъезд дәлізімен жайбарақат келе жатқаны көрсетілген. Алайда бір мезетте оны бейтаныс ер адам ұстап алып, еденге құлатып, бетінен жұдырықпен ұрған. Осыдан кейін ол оқиға орнынан кетіп қалған. Оқиғаға қатысты полицейлер пікір білдірді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары