$ 494.87  520.65  4.91

Астанада пәтердің төбе сылағы опырылып түсті

Оқиға Lighthouse тұрғын үй кешеніндегі пәтерде болған.
Фото: sputnik.kz
Фото: sputnik.kz

Астанада көпқабатты тұрғын үйдің пәтерінде төбе сылағы опырылып түсті. Бұл туралы сол үйдің тұрғындары хабарлады, деп жазады sputnik.kz

Оқиға Lighthouse тұрғын үй кешеніндегі пәтерде болған. Опырылған төбенің суреті әлеуметтік желіде жарияланды. Фотодан төбе сылағының біразы түсіп, бөлме ішіне шашылғаны көрінеді.

Бұл сәтте пәтер тұрғындарының бірі бөлмеде болды, деп жазды пост авторы.

"Анам компьютер алдында отырған, егер ол анамның басына құлағанда, өте қайғылы жағдай болуы мүмкін еді", - делінген хабарламада.
Тұрғындардың айтуынша, мұндай жағдай олардың пәтерінде алғаш рет емес. 2020 жылдың наурызында басқа бөлмеде де төбе сылағы опырылып түскен.

Lighthouse тұрғын үй кешенін BI Group компаниясы салған. Алайда астаналықтардың пәтерінде нақты кім жөндеу жүргізгені әзірге белгісіз. Барлығына жұмысты сапасыз орындаған жалдамалы бригада кінәлі болуы мүмкін.

Әрі қарай оқу: https://sputnik.kz/capital_life/20210509/17005255/Nur-Sultan-pater-tobe.html

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Астана #пәтер