$ 494.87  520.65  4.91

Көкшетауда саяжайда өрт шығып, 16 үй жалын құшты

Өрт салдарынан 16 саяжай отқа оранды.

Көкшетауда саяжайлардағы 16 үйді бірдей жалын шарпыды, деп хабарлайды Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, мамырдың 8-інде сағат 12:44-де «101» пультіне «Целинник» және «Авиатор» саяжай кооперативтері аумағында  құрғақ шөптің жанып жатқандығы туралы ақпарат түскен. Кейіннен белгілі болғандай өрт 5 гектар жерді шарпыған.

Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамынан 73 адам және 8 арнайы өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды. Оған қоса  Көкшетау техникалық иститутының  25 курсанты және 2 техникасы, жергілікті атқарушы органдардан 4 қызметкер және 4 техника қосымша тартылды.

 — Өрт салдарынан 16 саяжай отқа оранды. Оның алтауы «Целинник», оны «Авиатор» саяжай кооперативтеріне қарайды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт қоқыс пен құрғақ шөпті жағу кезінде қауіпсіздік ережелерінің сақталмауынан шыққан, – деді Көкшетау қалалық Төтенше жағдай басқармасының бастығы Әсет Жақсылықов.

orda.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары