$ 444.22  476.38  4.82

Елордада мектепке жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама тарады

Тексеру нәтижесінде ешқандай жарылғыш зат табылмаған.

Бүгін сағат 11:32-де елордалық полиция бөліміне Astana Garden School мектебінде жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама түскен. Хабарлама мектептің электронды поштасына келген, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Оқиға орнына шұғыл қызмет өкілдері жіберіліп, мектептен 175 адам эвакуацияланды. Тексеру нәтижесінде ешқандай жарылғыш зат табылмаған.

Полиция бұл жағдайға қатысты Қылмыстық кодекстің 273-бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, былтыр дәл осындай 10 қылмыс тіркелген.

«Полиция қызметкерлері барлық қылмыскерлерді анықтап, ұстады. Барлық фактілер бойынша ұсталғандар әр түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды», - деп толықтырды департамент өкілдері.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары