$ 448.89  477.93  4.76

ШҚО-дағы орман өрті. Шұғыл желі іске қосылды

Өрт салдарынан  35 үй өртеніп кеткен, тағы 9 үй өрттен зардап шекті.

Қазіргі уақытта өрт орнында жергілікті атқарушы органдардың, ШҚО ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелерінің және орман шаруашылығының жеке құрамынан 208 адам және 47 бірлік техника жұмыс істеуде.

Жану алаңы 310 га. Өрт салдарынан  35 үй өртеніп кеткен, тағы 9 үй өрттен зардап шекті. 

Оқиға орнына қосымша 3 автоцистерна мен 15 құтқарушы қосымша бара жатыр. Қажет болған жағдайда көмекке қосалқы техника тартылатын болады, - деді  ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли. 

Жедел жәрдем желісі бойынша Лесхоз кентінен 1949 және 1980 жылы туған екі ер адам күйік шалып, жергілікті ауруханаға, жансақтау бөліміне жеткізілгені туралы ақпарат келіп түсті. Полиция қызметкерлері төбеден 1948 жылы туған әйелдің мәйітін тауып алды, мән-жайлар мен деректер нақтыланып жатыр, - деді ТЖМ.

ШҚО ТЖД қауырт желі телефоны жұмыс істеуде. Көмекке мұқтаж барлық адамдар 8(7232) 55-38-19 нөміріне қоңырау шала алады, онда психологтар зардап шеккендермен  жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ,  ШҚО ТЖД Дағдарыс орталығында жедел штаб құрылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары